Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!
2021-2022 жж "Қарағанды облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын" орындау үшін.
2022 жылдың 3 мамырынан бастап "Теплотранзит Караганда"ЖШС Пришахтинск, Сұрыптау, Майқұдық (11,11 а шағын аудандары) жылу желілерінде қысымды 16 кг/см2 дейін көтеру арқылы құбырлардың гидравликалық тығыздығы мен механикалық беріктігіне сынақ жүргізе бастайды,12,13,14,15,16,17). 2022 ж. 11 мамырдан бастап "Теплотранзит Караганда" ЖШС Қарағанды қ. аудандарының жылу желілерінде сынақ жүргізетін болады:Майқұдық (18,19 шағын аудандар, 11 Квартал, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачев көшелері, Магнитогорская, Чапаев к-сі бойынша магистралды желі, 1,2 Квартал, Восток-1,2,3,5, Карл Маркс к-сі, Голубые пруды), Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала.
Сынақтарды дайындау және өткізу кезінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Жылу тұтыну жүйелерінің бұзылуын болдырмау үшін барлық тұтынушылар шекараларды бөлу актілеріне сәйкес сынақтардың барлық кезеңіне бітеуіштерді орната отырып, беруші және кері құбыржолдар бойынша өздерінің жылу желілерін, жылу пункттерін, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін сенімді ажыратуы қажет.
Сондай-ақ, сынақ кезінде жазатайым оқиғаларды және жеке мүліктің бүлінуін болдырмау үшін: азаматтардың және олардың көлік құралдарының жылу желілерінің құбырларының жанында болуына тыйым салынады.
Сынақтың аяқталу күні БАҚ-та және "Теплотранзит Караганда" ЖШС сайтында хабарланатын болады (www.teplotranzit.kz, instagram, facebook. Жылу желілерінде сынақтар өткізілгеннен кейін магистральдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту жүргізіледі. Ыстық сумен жабдықтауды қайта бастау күні туралы қосымша хабарланатын болады.
"Теплотранзит Караганда"ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін барлық тұтынушылардан кешірім сұрайды.
"Теплотранзит Караганда" ЖШС (Қарағанды қ., Пригородная к-сі, 9/2) 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 10:00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылы жылу энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жыл сайынғы есеп өтетінін хабарлайды. Конференция идентификаторы: 713 5186 2740, кіру коды: 15042022.
Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты тұтынушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға 2020 жылы бекітілген тарифтік смета мен жылуды беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп жоспарланған 2021 жылдың 20 сәуірінде сағат 10.00-де ZOOM қосымшасы арқылы ONLINE өткізіледі:
Конференция идентификаторы: 783 1333 5954, кіру коды: 20042021.
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 167-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын беру және тарату қызметтерінің 2021 жылға арналған тарифі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кездегі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 350,57 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды.
Сіздерге жыл сайын жылытуаралық маусымда энергия беруші ұйым жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымы кезінде тұтынушыларды нормативті жылумен қамтамасыз етуге, жылу тасымалдағыштың қажетті параметрлерін сақтауға және ғимараттардағы мөлшерлі температура мен гидравликалық режимді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін өткізетіндігін хабарлаймыз. Дегенмен қысқы кезеңде «Теплотранзит Караганда» ЖШС энергия беруші компаниясына тұтынушылардан шағымдар түсіп жатады.
Сапалы жылумен қамтамасыз етудегі қажетті шарттарына алдағы жылыту маусымына дайындық жататынын атап өткен жөн. Яғни, белгіленген іс-шараларды 100% дайындық актісін алу арқылы өткізу (шаю, жылу жүйесін қысыммен тексеру және реттейтін жұмыстар; есептегіш дроссельдік құрылғыларды пломбалау,бекітуші-атқарушы арматураны тексеру және т.б).
Жыл сайын алдағы жылыту маусымына «Теплотранзит Караганда» ЖШС объектілерді өткізу және дайындығы жөнінде кесте әзірленіп, бекітіледі. Бұл кесте дайындық кезеңінде нысандарды біркелкі өткізу үшін жасалады және жылу шаруашылығы үшін жауап беретін әр тұлғаға жеткізіледі.
Алайда, бүгінгі таңда жосықсыз тұтынушылар бар, олар жыл сайын аталмыш жұмыстардың маңыздылығы мен мәнділігін ескермей, жүйелі түрде жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырмайды. Жауапты тұтынушылардың жылумен қамтамасыз етілуіне кері әсерін туғызып, сол арқылы жылу беру маусымы кезінде жағымсыз жағдаяттар орын алады.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 7-тармағының 34-тармақшасының Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бекіткен бұйрығына сәйкес «Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады».
Жоғарыда аталғандарға байланысты, «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында, жосықсыз тұтынушылардың жабдықтау желілеріне дроссельдік диафрагманы орнату арқылы жылу энергиясын шектеуге немесе оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінен көрінетін үзікпен ажыратуға мәжбүр.
Бұл нысандарды қосу 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына дайындық шаралары жүзеге асырылғаннан кейін 100% дайындық актісі болған жағдайда мүмкін болады.
Өтінім беру үшін келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласыңыздар:
Реттеу қызметі бөлімі: 56-51-05
Техникалық қадағалау бөлімі: 78-95-03
ТОО «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларға, жылу беру және тарату қызметтерінің ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 059,17 теңгені құрайтын уақытша өтемдік тарифі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатындығы туралы хабарлайды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу беру және тарату қызметтері үшін «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 097,14 теңгені құрайды (Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен келісілген 12.12.2018 жылғы №611 бұйрық, 2015 ж.). Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қарағанды облысы бойынша бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-5 / 4553).
01.09.2019 жылдан бастап «ТЕПЛОТРАНЗИТ КАРАГАНДА» ЖШС жылу желілерін кезең-кезеңімен толтыруға кірісті.
Толығырақ...
Құрметті қала тұрғындары!
2019 жылдың 13 маусымы күні Қаланың, Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың магистральдық және орамжылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасады.
Толығырақ...
Құрметті қала тұрғындары!
2019 жылдың 06 маусымы күні Қаланың магистральдық және орамжылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасады.
Толығырақ...
Құрметті қала тұрғындары!
2019 жылдың 04 маусымы күні пен Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыстын магистральдық және орамжылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасады.
Толығырақ...
Құрметті қала тұрғындары!
2019 жылдың 24 мамыры күні пен Майқұдықтың магистральдық және орамжылу желілерінде гидравликалық сынақтар жалғасады.
Толығырақ...