Наурыз мейрамы «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де!
Наурыз мейрамы «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де! Үш күн бойы «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамы атап өтілді. Кәсіпорын қызметкерлері өздерінің кабинеттерін мейрамға байланысты безендіріп, дастархан жайып, қонақтар шақырды. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша викторина өткізілді. Ең белсенділерге естелік сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, барлық бөлімшелердің еңбеккерлерін «Теплотранзит Караганда» ЖШС кәсіподақ ұйымы құттықтады. «Теплотранзит Караганда» ЖШС қабырғасында үш күн бойы мереке, қуаныш пен шаттық, достық атмосферасы орнады.