instagram  facebook

Кәсіпорын басшылығы

  • Ляпунов Андрей Васильевич

     
  • Байжанов Данияр Маратұлы

    Байжанов Данияр Маратұлы 1982 жылы 6 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
    Жоғарғы білімді. 2003 жылы Т. Рысқұлов. атындағы Қазақ экономикалық университетін  «экономика және халықаралық» мамандығы бойынша  бітірді.2020 жылы Қарағанды техникалық университетін «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдады.
    Еңбек жолын 2003 жылы маркетолог мамандығы бойынша бастаған, одан кейін экономист  өнеркәсіптік кәсіпорындардың материалдық-техникалық бөлімінің меңгерушісі болған.
    2012 жылдан бері «Теплотранзит Караганда» ЖШС атқарушы директоры лауазымында жұмыс істейді.
    2018 жылдың қараша айынан бастап "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС қаржы директоры болып тағайындалды.
    Үйленген,екі баласы бар.
  • Каспиев Ерали Елемесұлы

    Атқарушы директор Каспиев Ерали Елемесұлы 1981 жылы 10 сәуірде Атырау облысында дүниеге келді. Білімі-жоғары. 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Қарағанды техникалық университетін «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2002 жылы менеджер лауазымынан бастаған, әрі қарай заңгерден бастап еліміздің кәсіпорындарында құқықтық қамтамасыз ету жетекшісіне дейінгі сатыдан өтті. 2011 жылдың ақпан айынан бастап заң бөлімінің бастығы қызметін атқарды және 2018 жылдың қараша айынан бастап "Теплотранзит Караганда"ЖШС атқарушы директоры қызметін атқарады. Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
  • Викторов Сергей Николаевич

    Викторов Сергей Николаевич 1971 жылы 4 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.
    Жоғарғы білімді. 1995 жылы Қарағанды кешкі энергетикалық құрылыс техникумын «техника-жылу техникасы» мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «инженер-физик» мамандығы бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1988 жылы «Теплотранзит-Караганда» ЖШС-нің жөндеу жұмыстары бойынша 3 разрядты темірші лауазымынан бастап бас инженері лауазымына дейін көтерілді.
    2009 жылы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
    2014 жылы  «Ерен еңбегі үшін» медалымен мемлекеттік марапатқа ие болды.
    Үйленген, екі баласы бар.
  • Выткин Иван Николаевич

    Выткин Иван Николаевич 1972 жылы дүниеге келді. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын «тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару» мамандығы бойынша және 1999 жылы «Ғылым» жеке университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды жылу желілерінде өндірістік-техникалық бөлімнің инженері лауазымынан бастаған, әрі қарай жедел-диспетчерлік қызметтің диспетчерінен бас инженерге дейінгі сатыдан өтті. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін қаланың өндірістік кәсіпорындарының басшы лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылдың қазан айынан бастап Өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Теплотранзит Караганда»ЖШС бас инженерінің орынбасары болып тағайындалды.
    Үйленген, баласы бар.