1.Нысанды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар алғаннан кейін тұтынушы есептеу аспаптарын орнатуға техникалық шарттар алуы қажет (болмаған жағдайда).
Ол үшін Іске асыру бөлімінің аспаптық тіркеу тобына техникалық шарттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін және жылу тұтыну есебін көрсету керек. (Восток-5, №8 Сорғы стансасы, тел.: 37-47-89).
2. Қосылуға және есептеу аспаптарының орнатуға техникалық шарттардың бар болған жағдайында сыртқы жылу желілерін, жылу торабын, есептеу аспаптарын орнатуға (қажетті жағдайда), ішкі жылыту жүйесін, қосылу нүктесінен тұтынушының бөлінген учаскесімен есептеу аспабына дейінгі жылу торабына дейін жылулық шығындарды жобалауға арналған жобалау жұмыстарының атқару бойынша лицензиясы бар жобалық ұйымға өтінім беру керек.
Жобалар алынған техникалық шарттарға сәйкес орындалады.
3. Жобаларға сараптама жүргізуге лицензиясы бар сараптамалық ұйымнан сараптама қорытындысын алу.
Жобалар «Теплотранзит Караганда» ЖШС техникалық қызметтерімен келісілуі керек:
- Жылу торабының жобасындағы келісім беру белгісі бар есептеу аспаптар жобасына келісім беретін Жылу энергиясын іске асыру бөлімінің аспаптық есептеу тобымен келісіледі (Восток 5, №8 Сорғы стансасы, тел.: 37-47-89).
- Жылу торабы мен ішкі жылу тұтыну жүйесінің жобасы Реттеу бөлімімен (208 каб, Пригородная көш. 9/2, тел.:56-51-05) келісіледі. Жылу торабы жобасының бір данасы Реттеу бөлімінде қалады.
- Әрі қарай тұтынушы сыртқы жылу желілерінің жобасын (2д.) және ЖЭІА бөлімінің аспаптық тіркеу Тобының таңбасы бар келісілген жобаны Өндірістік техникалық қызметіне тапсырады (ӨТҚ, 302каб., Пригородная 9/2, тел.: 56-19-42). Сыртқы жылу желілер жобасының бір данасы ӨТҚ бөлімінде қалады.
4. Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша (қажет болған жағдайда) жұмыстар лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен және барлық мүдделі ұйымдармен келісілген жобаға сәйкес жүзеге асырылады (ЖЭПҚ 3 б. 14 т.).
5. Жылу желілерінің құрылысы техникалық бақылау бөлімі өкілінің бақылауымен (ТББ 105каб., Пригородная к-сі, 9/2, , тел: 78-95-03) жабық жұмыстарға арналған аралық актілерді орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
6. «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу желілеріне ойманы (қажет болған жағдайда) «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің қызметкері тұтынушының жазбаша өтініші бойынша және «Теплотранзит Караганда» ЖШС бухгалтериясына төлегеннен кейін іске асырады(Пригородная 9/2, 201 каб., тел.: 56-51-10).
7. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жылу желісіне қосылмас бұрын тұтынушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
- Реттеу қызметінде (208 каб.) «Баланстық тиістілік пен пайдалану жауапкершілік шекаралар актісін» орындау.
- жылу торабын және ішкі жылыту жүйесін орнатқаннан кейін монтаждан қабылдау үшін техникалық бақылау өкілін шақыру, одан кейін ТББ өкілімен тиісті актілерге тиісті актілер арқылы құрастырылған құрылғыға шаю және қысыммен тексеру жүргізіледі
Телефон бойынша өтінім алдын ала беріледі: 78-95-03.
- ЖЭІАб есептеу аспаптарын орнату тобынан жылу энергиясын есептеу аспаптарын монтаждағаннан кейін пайдалануға рұқсатнама актісін алу керек (Восток-5, № 8 сорғы стансасы, тел: 37-47-89).
- тұтынушы ТББ-нен «Салынып жатқан объектінің дайындығы туралы акт» алады.
- Реттеу қызметінің режимдік тобынан (310 каб., тел.:56-21-12) «Жылу қолданылатын қондырғының паспортын» жасап, дроссель қондырғыларының (шүмектердің, тығырықтардың) өлшемдерін алу қажет.
- дроссель қондырғысын қатаң НТҚ-ға және қабылданған есепке сәйкес, АЖП орнатылған жағдайда температуралық кестеге сәйкес АЖП-ін баптау.
Орнатылатын дросселдерді пломбалау үшін Реттеу қызметінің өкілін телефон арқылы алдын ала шақыру: 56-51-05.
- Шаю, қысыммен тексеру, реттелу актілері негізінде ТББ (105 каб.) алдағы жылыту маусымына 100% дайындығы жөнінде акт беріледі.
8. «КарагандыЖылуСбыт» ЖШС келісім шартқа отыру: Ерубаев көшесі 44/2 немесе Лобода көшесі 35а.
9. Шарт жасасқаннан кейін "Теплотранзит Караганда" ЖШС кеңсесіне орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға өтінім беріледі.
Қосылуға рәсімдеу актісі бар Жылу энергиясын іске асыру қызметі өкілінің көзінше қосылады (Жылу энергиясын іске асыру қызметі, Восток 5, №8 Сорғы стансасы, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС төлемдер жүргізу үшін тел: 37-47-85 )
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 160-НҚ бұйрығымен "Теплотранзит Караганда" ЖШС 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2023 жылға арналған жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тариф бекітілді: ҚҚС есебінсіз 1 Гкал үшін 2 818,38 теңге
Назар аударыңыз!!! «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифі Қарағанды қаласының тұтынушылары үшін жылумен жабдықтауға түпкілікті тариф болып табылмайды. Жылумен жабдықтаудың түпкілікті тарифі 3 энергетикалық кәсіпорынның тарифтерінен тұрады: «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Теплотранзит Караганда» ЖШС және «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 401-НҚ бұйрығымен «Теплотранзит Караганда» ЖШС 2019 жылдың 1 қаңтар айынан 2020 жылдың 1 қаңтар айына дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекітілді:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 059,17 теңге
«Теплотранзит Караганда» ЖШС 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен келісу кезінде жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтің шекті деңгейін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендету бекітілді:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 097,14 теңге
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 233-НҚ бұйрығымен «Теплотранзит Караганда» ЖШС 2018 жылдың 1 қараша айынан 2019 жылдың 1 қараша айына дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекітілді:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 123,94 теңге
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 121-НҚ бұйрығымен «Теплотранзит Караганда» ЖШС 2018 жылдың 1 қаңтар айынан қолданысқа енгізілуімен 2018-2020 жылдар кезеңіне төтенше реттеуші шара ретінде жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі бекітілді:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 149,89 теңге
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 314-НҚ бұйрығымен «Теплотранзит Караганда» ЖШС 2016 жылдың 1 қаңтар айынан қолданысқа енгізілуімен 2016-2020 жылдар кезеңіне жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі бекітілді:
ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 101,13 теңге
Сіз тұратын қала секторы таңдаңыз
-
Жаңа қала
-
Оңт-Шығыс
-
Майқұдық
-
Сұрыптау
-
Пришахтинск
-
Жеке сектор