Хабарландыру
Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!
2021-2022 жж "Қарағанды облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын" орындау үшін.
2022 жылдың 3 мамырынан бастап "Теплотранзит Караганда"ЖШС Пришахтинск, Сұрыптау, Майқұдық (11,11 а шағын аудандары) жылу желілерінде қысымды 16 кг/см2 дейін көтеру арқылы құбырлардың гидравликалық тығыздығы мен механикалық беріктігіне сынақ жүргізе бастайды,12,13,14,15,16,17). 2022 ж. 11 мамырдан бастап "Теплотранзит Караганда" ЖШС Қарағанды қ. аудандарының жылу желілерінде сынақ жүргізетін болады:Майқұдық (18,19 шағын аудандар, 11 Квартал, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачев көшелері, Магнитогорская, Чапаев к-сі бойынша магистралды желі, 1,2 Квартал, Восток-1,2,3,5, Карл Маркс к-сі, Голубые пруды), Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала.
Сынақтарды дайындау және өткізу кезінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Жылу тұтыну жүйелерінің бұзылуын болдырмау үшін барлық тұтынушылар шекараларды бөлу актілеріне сәйкес сынақтардың барлық кезеңіне бітеуіштерді орната отырып, беруші және кері құбыржолдар бойынша өздерінің жылу желілерін, жылу пункттерін, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін сенімді ажыратуы қажет.
Сондай-ақ, сынақ кезінде жазатайым оқиғаларды және жеке мүліктің бүлінуін болдырмау үшін: азаматтардың және олардың көлік құралдарының жылу желілерінің құбырларының жанында болуына тыйым салынады.
Сынақтың аяқталу күні БАҚ-та және "Теплотранзит Караганда" ЖШС сайтында хабарланатын болады (www.teplotranzit.kz, instagram, facebook. Жылу желілерінде сынақтар өткізілгеннен кейін магистральдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту жүргізіледі. Ыстық сумен жабдықтауды қайта бастау күні туралы қосымша хабарланатын болады.
"Теплотранзит Караганда"ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін барлық тұтынушылардан кешірім сұрайды.