Хабарландыру
Қарағанды қаласының жылу энергиясын тұтынушыларына (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер және т. б.) "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС 2024 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қарағанды қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметін тоқтатуына байланысты, Қарағанды қаласының тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі функцияларды 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап "Теплотранзит Караганда" ЖШС қабылдайтынын хабарлаймыз.
Бұл ретте, "Теплотранзит Караганда" ЖШС 2024-2025 ж. жаңа жылыту маусымынан бастап бұрыңғы қызмет көрсетушімен шарттары болған барлық тұтынушыларға жылу энергиясын беруге кепілдік береді. Қарағанды қаласының тұтынушыларымен шарттар жасасу тәртібі, мерзімдері туралы "Теплотранзит Караганда" ЖШС бұл туралы хабарламаны өз сайтында (teplotranzit.kz) тарату арқылы және де басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша хабарлайды.
"Теплотранзит Караганда" ЖШС Әкімшілігі