instagram  facebook

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, ҚҚС есептемегенде Гкал үшін 181,94 теңге мөлшерінде "Жылу энергетикасы туралы" ҚР Заңының қабылдануына және жылумен жабдықтау функциясының жылу беруші ұйымдарға берілуіне байланысты жеңілдетілген тәртіппен жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаның (өткізу үстемесінің) бекітілгені туралы хабарлайды. Тариф ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 11.09.2024 жылғы 107-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 16.09.2024 жылғы 110-НҚ бұйрығымен 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер бекітілді: оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша ҚҚС есептемегенде Гкал үшін 8386,55 теңге мөлшерінде жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф:

жеке тұлғалар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 4984,24 теңге;

басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 14977,90 теңге;

          бюджеттік ұйымдар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 28180,29 теңге.