instagram  facebook

Хабарландыру

«Теплотранзит Караганда» ЖШС хабарлайды, өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының статистика деректерімен және стратегиялық тауар (электр энергиясы) құнының өзгеруіне байланысты, 2024 жылдың 29 қазанында Қарағанды облысы бойынша ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұйрығымен 2025 жылға арналған жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тариф 1 Гкал үшін 4 793,17 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды (ҚҚС-ты есептемегенде).
Сондай-ақ, ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Караганда Энергоцентр» ЖШС (2024 жылдың 28 қазанындағы №153-ОД бұйрығы) және «Теплотранзит Караганда» ЖШС (2024 жылдың 29 қазанындағы №159-ОД бұйрығы) бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларға енгізілген өзгерістер негізінде, Қарағанды облысы бойынша ҚР ЭМ Қоғамдық монополияларды реттеу комитетінің департаментінің 2024 жылдың 24 желтоқсанындағы №231-ОД бұйрығымен 2025 жылға арналған «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылумен қамтамасыз ету қызметтері бойынша сараланған тарифтер бекітілді және олар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді:
Жылумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифі 1 Гкал үшін 8 829,28 теңге, ҚҚС-ты есептемегенде, тұтынушылар топтары бойынша: •
Тұрғындар категориясына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – 1 Гкал үшін 5 013,12 теңге (ҚҚС-ты есептемегенде);
Бірінші және үшінші топтарға жатпайтын басқа тұтынушылар үшін – екінші топ – 1 Гкал үшін 15 064,68 теңге (ҚҚС-ты есептемегенде);
Бюджет қаражаты есебінен ұсталып отырған бюджет ұйымдары үшін – үшінші топ – 1 Гкал үшін 32 304,79 теңге (ҚҚС-ты есептемегенде).