Наурыз мейрамы құтты болсын!
«Теплотранзит Караганда» ЖШС қарағандылықтар арасында қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша викторина өткізді. Наурыз мейрамына орай қала тұрғындары өз білімдерін шыңдап, ал өскелең ұрпақ өздеріне қажетті көптеген салт дәстүрмен таныса алды. Іс-шараға Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов қатысты.
«Теплотранзит Караганда» ЖШС киіз үй қонақтары белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға жүлделі және естелік сыйлықтар табыс етілді.