Нормативтік және анықтамалық материалдар
Алдағы жылыту маусымына есептік дроссельді құрылғылардың мөлшерін беру
Алдағы жылыту маусымына есептік дроссельді құрылғылардың мөлшерін беру жыл сайын 1 мамырдан бастап «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де Пригородная көшесі 9/2 мекен-жайы бойынша 310 кабинетте жүргізіледі.
Жылыту маусымына нысандарды дайындау бойынша жадынама
- Элеваторлық (жылу) қосылу кезінде «Теплотранзит Караганда» ЖШС-дан есептік дроссельді құрылғылардың (шүмек, шайба) мөлшерін алу (Пригородная көшесі 9/2, 310 каб)
- Нысанның жылу тұтыну жүйесін шаю және гидравликалық сынау (нығыздау) жүргізу. Жүрізу кезінде техникалық қадағалау бөлімінің өкілін 78-95-03 телефоны бойынша шақыру (Пригородная көшесі 9/2,105 каб)
- Шаю және гидравликалық сынау актілерін алғаннан кейін жөндеу қызметінің өкілін 56-51-05 телефоны бойынша шақыру (Пригородная көшесі 9/2, 208 каб). Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезінде элеваторлық (жылу) торап бөлшектелген күйде болуы тиіс. Есептік дроссельді құрылғылардың болуы міндетті.
- Лицензияланған ұйымда білімін тексеру туралы куәлік алу.
- Өзімен бірге шекараны бөлу актісі болуы керек.
- Жөндеу актісін алғаннан кейін техникалық қадағалау бөлімінде 100% дайындық актісін алу (Пригородная көшесі 9/2, 105 каб).