Тұтынушылардың жаңадан енгізген нысандары үшін жаднама
1.Нысанды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар алғаннан кейін тұтынушы есептеу аспаптарын орнатуға техникалық шарттар алуы қажет (болмаған жағдайда).
Ол үшін Іске асыру бөлімінің аспаптық тіркеу тобына техникалық шарттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін және жылу тұтыну есебін көрсету керек. (Восток-5, №8 Сорғы стансасы, тел.: 37-47-89).
2. Қосылуға және есептеу аспаптарының орнатуға техникалық шарттардың бар болған жағдайында сыртқы жылу желілерін, жылу торабын, есептеу аспаптарын орнатуға (қажетті жағдайда), ішкі жылыту жүйесін, қосылу нүктесінен тұтынушының бөлінген учаскесімен есептеу аспабына дейінгі жылу торабына дейін жылулық шығындарды жобалауға арналған жобалау жұмыстарының атқару бойынша лицензиясы бар жобалық ұйымға өтінім беру керек.
Жобалар алынған техникалық шарттарға сәйкес орындалады.
3. Жобаларға сараптама жүргізуге лицензиясы бар сараптамалық ұйымнан сараптама қорытындысын алу.
Жобалар «Теплотранзит Караганда» ЖШС техникалық қызметтерімен келісілуі керек:
- Жылу торабының жобасындағы келісім беру белгісі бар есептеу аспаптар жобасына келісім беретін Жылу энергиясын іске асыру бөлімінің аспаптық есептеу тобымен келісіледі (Восток 5, №8 Сорғы стансасы, тел.: 37-47-89).
- Жылу торабы мен ішкі жылу тұтыну жүйесінің жобасы Реттеу бөлімімен (208 каб, Пригородная көш. 9/2, тел.:56-51-05) келісіледі. Жылу торабы жобасының бір данасы Реттеу бөлімінде қалады.
- Әрі қарай тұтынушы сыртқы жылу желілерінің жобасын (2д.) және ЖЭІА бөлімінің аспаптық тіркеу Тобының таңбасы бар келісілген жобаны Өндірістік техникалық қызметіне тапсырады (ӨТҚ, 302каб., Пригородная 9/2, тел.: 56-19-42). Сыртқы жылу желілер жобасының бір данасы ӨТҚ бөлімінде қалады.
4. Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша (қажет болған жағдайда) жұмыстар лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен және барлық мүдделі ұйымдармен келісілген жобаға сәйкес жүзеге асырылады (ЖЭПҚ 3 б. 14 т.).
5. Жылу желілерінің құрылысы техникалық бақылау бөлімі өкілінің бақылауымен (ТББ 105каб., Пригородная к-сі, 9/2, , тел: 78-95-03) жабық жұмыстарға арналған аралық актілерді орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
6. «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу желілеріне ойманы (қажет болған жағдайда) «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің қызметкері тұтынушының жазбаша өтініші бойынша және «Теплотранзит Караганда» ЖШС бухгалтериясына төлегеннен кейін іске асырады(Пригородная 9/2, 201 каб., тел.: 56-51-10).
7. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жылу желісіне қосылмас бұрын тұтынушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
- Реттеу қызметінде (208 каб.) «Баланстық тиістілік пен пайдалану жауапкершілік шекаралар актісін» орындау.
- жылу торабын және ішкі жылыту жүйесін орнатқаннан кейін монтаждан қабылдау үшін техникалық бақылау өкілін шақыру, одан кейін ТББ өкілімен тиісті актілерге тиісті актілер арқылы құрастырылған құрылғыға шаю және қысыммен тексеру жүргізіледі
Телефон бойынша өтінім алдын ала беріледі: 78-95-03.
- ЖЭІАб есептеу аспаптарын орнату тобынан жылу энергиясын есептеу аспаптарын монтаждағаннан кейін пайдалануға рұқсатнама актісін алу керек (Восток-5, № 8 сорғы стансасы, тел: 37-47-89).
- тұтынушы ТББ-нен «Салынып жатқан объектінің дайындығы туралы акт» алады.
- Реттеу қызметінің режимдік тобынан (310 каб., тел.:56-21-12) «Жылу қолданылатын қондырғының паспортын» жасап, дроссель қондырғыларының (шүмектердің, тығырықтардың) өлшемдерін алу қажет.
- дроссель қондырғысын қатаң НТҚ-ға және қабылданған есепке сәйкес, АЖП орнатылған жағдайда температуралық кестеге сәйкес АЖП-ін баптау.
Орнатылатын дросселдерді пломбалау үшін Реттеу қызметінің өкілін телефон арқылы алдын ала шақыру: 56-51-05.
- Шаю, қысыммен тексеру, реттелу актілері негізінде ТББ (105 каб.) алдағы жылыту маусымына 100% дайындығы жөнінде акт беріледі.
8. «КарагандыЖылуСбыт» ЖШС келісім шартқа отыру: Ерубаев көшесі 44/2 немесе Лобода көшесі 35а.
9. Шарт жасасқаннан кейін "Теплотранзит Караганда" ЖШС кеңсесіне орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға өтінім беріледі.
Қосылуға рәсімдеу актісі бар Жылу энергиясын іске асыру қызметі өкілінің көзінше қосылады (Жылу энергиясын іске асыру қызметі, Восток 5, №8 Сорғы стансасы, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС төлемдер жүргізу үшін тел: 37-47-85 )