Хабарландыру
“Теплотранзит Қарағанды” ЖШС хабарлайды, статистика мәліметтері бойынша аймақтағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының өзгеруіне және стратегиялық тауардың (электр энергиясы) құнының өзгеруіне байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 159-ОД бұйрығымен 2024 жылға жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4636,29 теңге көлемінде бекітіліп, 2024 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Караганда Энергоцентр" ЖШС (28.10.2024 жылғы№153-ОД) және "Теплотранзит Караганда" ЖШС (29.10.2024 жылғы№159-ОД) бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларға өзгерістер енгізу туралы бұйрықтары, Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің бұйрығы негізінде ҚР ҰЭМ Қарағанды облысы бойынша 29.10.2024 жылғы № 161-НҚ монополиялары 2024 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2024 жылға арналған "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер бекітілді:
ҚҚС есебінсіз, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша Гкал үшін 8795,86 теңге мөлшерінде жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф:
жеке тұлғалар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 4994,14 теңге;
басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 15007,66 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 32182,51 теңге.