Жылу энергетика саласы біздің мемлекеттің ұлттық экономикасы дамуына үлкен ықпал тигізеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен инфрақұрылым дамуына аса көңіл бөледі. Елбасы 1997 жылы Қазақстан халықына жолдаған «Қазақстан-2030» Жолдауында энергетиканың дамуы жалпы алғанда Республика экономиясы дамуынын басты бағыттары болып табылатынын атап өткен. Жылу энергетикасы дегеніміз не? Қатардағы тұтынушыға ол әрине жылу. Ал осы салада жұмыс істейтін адам үшін ол-бар өмірі. Біздің қала аясында жылуды үйлестіру мен беру, тұтынушыларды сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жауапты жұмысы «Теплотранзит Караганда»ЖШС-не жүктелген. Міне, жарты ғасыр бойы күн сайын біздің кәсіпорын қызметкерлері осы жұмысты атқаруда, барлық Қарағандылықтарға қажетті көзге түсе бермейтін күнделікті еңбек.
Жылу жүйелерінің тарихы – бұл өз жұмысының аса жауапкершілігін сезіне білетін басшылардың, инженерлердің, жұмыскерлердің үлкен ұжымның тарихы. Компанияның қалыптасуы Қарағанды қаласының дамуымен, тұрғын үйлердің, кәсіпорындардың көлемді құрылысымен, қалалық инфрақұрылымның жетілуімен тығыз байланысты. Екі ғасыр бұрын Қарағанды қаласының орнында тақыр дала болған. Болашақ қала орнында алғашқы елді-мекендер 1856 жылы пайда болды. Көмір шығарудың қарқынды дамуы нәтижесі арқасында 1934 жылы Қарағандыға қала атағы берілді. Біздің қаланы жылумен қамтуды басталуы мен дамуы сол ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында бастау алады. Сол кезде тұрғын үй – коммуналдық секторы мен өндірістік кәсіпорындарды жылумен қамту жекелену арқылы жүзеге асырылды. Кәсіпорындар мен аса ауқымды үйлерде өздерінің жеке қазандықтары болған. Тұрғын үйлердің негізгі бөлігі пешпен жылытылған. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары қала тұрғындар саны 300 мың адамды құрады. Бірақ, жылумен қамту мәселесінде шахтерлер астанасы жайсыз болып қала берді. Жылумен жабдықтаутуды 120 жергілікті қазандылықтар жүзеге асырған. Сонымен қатар, жаңа салынған тұрғын үйлерде орамды қазандықтар құрылысы жүргізілді. Бұл мәжбүрлі шара болатын. Қаланың жалпы санитарлық жағдайы мен жылумен қамту сапасын артыруға мүмкіндік беретін жылу желілері құрылыстарын жылдамдату талап етілді.
60-70-ші жылдар Совет «хрущевокалары» құрылысы жүрген уақыт, бастау алған кезең болды. Сол уақытта Қарағанды қаласының өндірістік кәсіпорындарын мен тұрғын ғимараттарын жылумен қамтуды оңтайландыру туралы мәселе туындады. Қаланың алғашқы жылумен қамту сызбасы 1959 жылдың 24 қазанында бекітілді. Осыдан қалалық жылу желілерінің тарихы бастау алады. Жылыту бастауы 1960 жылы ЖЭО-1-ден жақын аралықта орналасқан нысаналарға, яғни Жаңа қала ауданында Гоголь көшесі бойында басқа көшелерге таралуымен тартылған алғашқы жылу желілері болып табылды. Сол кезде қосылған жүктеме 270,9 Гкал/сағ. құрады,бұл қазіргі таңдағы жүктемеден 3,7 есе аз. Жалпы жылу желілер ұзындылығы 29 километрден аса болды. Салыстырма үшін: қазіргі таңда жалпы желілер ұзындылығы 447 километрді құрайды, бұл Қарағанды мен Щучинск қалаларының ара қашықтығына тең. 1961 жылдың соңында Гоголь көшесі бойындағы үйлерге алғашқы орталық жылу берілді. Осыдан кейін ЖЭО-1-ден, Михайловка тұрғындарын жылумен қамтитын екінші жылу желілер құрылысы басталды. Қарағанды қаласының магистарлды, жылу, үйлестіру желілерін және шектеулі қазандылықтарды пайдалану үшін арнайы мамандандырылған кәсіпорындар құрылды. Жылу көзі және магистарлыд жылу желілері «Карагандаэнерго» РЭУ балансында. Ажыратушы жылу желілерін қолдану мақсатында ТҮК Министрлігіне қатысты «Котлотеплосетей» дирекциясы құрылды. Қала құрылысымен қоса жаңа жылу желілері дамып, құрылды. 1971 жылы ЖЭО-1-ден, қаланың Совет ауданы мен құрылысы енді басталған Оңтүстік Шығысты жылумен қамтитын екінші магистралды жылу желілер құрылысы жүргізіліп, қолдануға берілді. 1978 жылы ЖЭО-3 және алғашқы жылу желілері қолданысқа берілуімен Майқұдықты бір орталықтан жылумен қамту басталды, ал 1980 жылы құрылысы қарқынды жүріп жатқан Оңтүстік Шығысты жылумен қамту үшін сорғы станциялары мен жылу желілері іске қосылды. 1982 жылдан бастап ЖЭО-3-ке Пришахтинск және Сұрыптау қосылды. Жылытудың алғашқы кезенінде жылумен қамту құбырлар қолданысы басым болса, 1970 жылдың аяғында ыстық суды коммуналды-қажеттілікте пайдалану алдыңғы қатарға қою мақсаты қойылғанын атап өту керек. Белсенді құрылыс аудандары, сонымен қатар,көптеген орталық аудандар толық жылыту аймағына айналды.
90-шы жылдар оңай болған жоқ. КСРО-ның құлдырауынан кейін мемлекет экономикасы қиындықтарға тап болды. Кәсіпорындар жабылып, адамдар ұзақ уақыт жалақысыз отырды. Бұл келешекке сенімсіздік және өзгерістер уақыты болды. Осындай кезенде берілмеген және де басты байлық – тұтынушылар сенімі мен жылу желілерін сақтап қалған кәсіпорын ұжымына алғысымыз шексіз. Тарихтары барысында олар неше мәрте өз атауларын өзгерті. Бұл ғасыр соңына дейін жалғасын тапты. Тек 1997-1998 жылдары магистарлды және үйлеструші жылу желілері бір кәсіпорынға біріктірілді. Бұл міндеттемелер қоюға және тиімді жұмыс үшін бар ресурстарды пайдалануға мүмкіндік берді.
2006 жылы жылу желілері жүз пайыздық мемлекеттік үлеспен дербес ұйым болып бөлініп шықты. Осылайша Қарағандыда «Теплотранзит Караганда» ЖШС энергия беруші жаңа ұйымы пайда болды. Қазіргі таңда қалыптасқан дәстүрі мен жарты ғасырлық тарихы бар Қарағанды қаласының ірі кәсіпорындарының бірі. «Теплотранзит Караганда» құрамына бірнеше бөлімдер енгізілген. Өндірістік кәсіпорынның негізгі базасын 7: Жаңа қала, Майқұдық, Совет, Оңтүстік Шығыс, Октябрь, Киров және Теміржол эксплуатациялық аудандары құрайды. Олардың негізгі мақсаты жылу желілері мен сорғы станция құралдарын жөндеу болып табылады. Жөндеу қызметі жылу магистралдарында жобалы жөндеу жүргізеді, жылу желілері нысандарының құрылысы мен қайта құру бойынша жұмыстар атқарады, апаттарды жедел түрде таратуға қатысады. 1970 жылы құрылған Жөндеу қызметі ол кезде жаңалық болды. Ал қазіргі таңда бұл бөлімшесіз жылу желілерін елестету қиын. Оның басты міндеті – жылуды тиімді үйлестіру үшін тұтынушылардың жылу орындарындағы кедергі құрылғылар, жылу желілері жұмысын тиімді етіп есептеу. Көлік және механизм қызметінсіз компания жұмысын елестету қиын. Ол жылу желілері құрылғыларын жөндеу және пайдаланумен айналысатын арнайы бөлімшелерді механизм және көлікпен қамтамасыз етеді. Жедел – диспетчерлік қызметі басқарудың орталығы болып табылады. Жылуды беру мен тасымалдау процесінде, жылу станциялары мен пайдаланымдағы аудандардың жұмыс тәртібін реттейді, пайдаланудағы жалпы жедел басқаруды жүзеге асырады. Химиялық зертхана, жылу желісіне бұлақтан келетін желі суының сапасын, сонымен қатар, тұрғындарға берілетін ыстық суды химиялық және бактериологиялық көрсеткіші бойынша норма талаптарына сәйкестігін үнемі бақылап отырады.Жыл сайын жылу желілеренідегі су құбырларының даттану жылдамдығын анықтайды. Біздің кәсіпорын құрылымында компания қызметінде маңызды рөл атқаратын, өндірісте көмек көрсететін: Электр шаруашылығы қызметі, БӨАжА қызметі, Жылу энергиясын іске асыру бөлімі, Өндірістік-техникалық бөлім, Жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу бөлімі, Материалды-техникалық жабдықтау бөлімі, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі,әкімшілік басқару бөлімдер тобы,оның ішінде, заң бөлімі, мемлекеттік сатып алу және келісім-шарт бөлімі, бухгалтерия, еңбек және кадр бойынша бөлім, жоспарлы-экономикалық бөлімі сияқты бірнеше қызметтер жұмыс жасайды. Әр бөлімшенің өз міндеті бар – атқарылған жұмыстар механизмін қамтамасыз ету, материалдар мен қосалқы бөлшектермен жедел жабдықтау, электр құрылғыларының үздіксіз жұмысы, жылу автоматикасы мен өлшеуіш құрылғыларын жөндеу, техникалық және жобалы-сметалық құжаттамаларды ұсыну, білікті қызметкерлер құрамын кадрлық іріктеу, ИТЖ және жұмыскерлерді оқыту, жыл сайын аттестатциядан мен қайта аттестатциялаудан өткізу, құқықтық базасын қамтамасыз ету мен кәсіпорынның өндірістік үрдісіне жалпы басшылық жасау. Бұлардың барлығы, Қарағанды қаласын сапалы жылумен жабдықтау күрделі механизмнің бір бөлігі болып табылады.
Компанияның өсуі мен жетістігі ең алдымен басшының алдына қойған мақсаттарына тікелей байланысты. Әр уақытта Бас директор лауазымын атқарғандар,олар:
Згонник Виталий Васильевич 01.11.2006-02.12.2009жж.
2022 жылдың 16 мамырында Ляпунов Андрей Васильевич «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің Бас директор қызметіне тағайындалды.
«Теплотранзит»-тің жарқын дәстүрлері – біздің ардагерлер еңбегі. Әр кәсіпорын өз қызметінде бір үзілмес арнада онжылдық тарихты біріктіретін және талай жылдар бойы өз ұрпағына қалдырған үлкендердің тәжірибесіне сүйенеді. Бүгінде біз кәсіпорынымыздың құрылу бастауында тұрғандардың аттарын мақтанышпен айта аламыз, олар өз мамандықтарына адал, сондай-ақ олар үшін жұмыс тек күнделікті еңбек ғана емес бүкіл өмірлерінің ісі болған. Олардың қатарында – Баринов Анатолий Васильевич пен Дю Евгений Николаевич бар. Қазіргі таңда, зейнеттік демалысқа шыққан соң да Евгений Николаевич пен Анатолий Васильевич қоғамдық өмірге белсене араласады. Олар, Қарағанды облысының Энергетика ардагерлер Кеңесінің мүшелері және де табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің сарапшылары болып табылады.
Қазіргі таңда «Теплотранзит Караганда» ЖШС Қазақстан Республикасының ірі жылу таратқыш кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компанияның болашақ дамуы жылу желілерін оңтайландыру мен қайта құруға , заманауи энергиялы тиімді технологияларды енгізуге бағытталған. «НұрлыЖол» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында ТҮК жаңартуға бағытталған мемлекет саясаты арқасында облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен жылу желілерін қайта құруға бұрын болмаған қаржыландыру бөлінген. 2015 жылы Гоголь, Ленин көшелері және Н.Әбдіров даңғылы бойынша төрт учаскелерде жылу желілерін қайта құру бойынша бағдарлама жүзеге асырылды. Бұл жылумен қамту сапасын жақсартуға және сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстың басты жетістігі жылу шығынының 8,8% азаюы. 2016 жылы «НұрлыЖол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Кеншілер даңғылы бойынша «12 месяцев» дүкенінен бастап Республика даңғылына дейін магистарлды желіні қайта құру жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаның жүзеге асырылуы жылу шығындарын 5,1 мың Гкал азайтуға мүмкіндік берді. «Бизнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Ермеков көшесі бойынша магистарлды желілер учаскелерін қайта құру 51 көпқабатты тұрғын үйлер, 6 әлеуметтік маңызды нысандар тұтынушыларының жылумен қамту сапасын арттыруға және Қарағанды фармацевтикалық кешеннің орталық жылу желісіне қосуға мүмкіндік берді. Осының барлығы, ҚР-ның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын онтайландыру мен дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарын орындауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, себебі, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру оң нәтиже береді. Жылу желілерінің тозып тұрғаны және оларды аса қымбаты қайта құру арқылы жылу энергиясы шығындарын азайтуға болатындығы ешкімге құпия емес. «Теплотранзит Караганда» ЖШС өзінің 10 жылдық қызметінде едәуір нәтижелерге жетті. 2007 жылмен салыстырғанда 2016 жылы жылу шығындары екі есе төмендеді. 207 жылдан бастап 2016 жылға дейін су шығыны 3 есе, апаттылық 2,5 есе төмендеді. Және ең бастысы 2015 жылы компания алғашқы рет шығынсыз деңгейге шықты. Көпқабатты тұрғын үй секторын өзгертуі аяқталды. Үйлерге жалпы жылуды есептеу құрылғыларын орнату компанияға қолданылған жылу туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді,жылуға жұмсалатын шығындарды азайтады және тұтынушыларды үйлердің ішіндегі жылу жүйелерін ретке келтіруге ынталандырады.
Біз кәсіпорынның құрылу, қалыптасу және даму кезеңдері,өз еңбектері, біліктілігі, қайсарлығы арқасында Қарағанды қаласының жылу шаруашылығының негізін салушылар туралы айттық. Біздің кәсіпорын мемлекетпен бірге тарихтың барлық кезеңдерін – бес жылдықтың аяқталуын, құрылыс, қайта құру кезеңдерін, ТҮК саласын реформалау өтті. Және де осы бес - он жылдық ішінде «Теплотранзит Караганда» ЖШС тарихы қажырлы еңбек пен тер арқасында жазылды. Бүгінгі таңда, «Теплотранзит Караганда» ЖШС кәсіпқойлығымен, қаланы жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жиынтығын нақты орындауымен әйгілі. Қазіргі таңда энергетиктер дамудың келесі кезеңін өтуде, яғни, еске алар, мақтан етер дүниелердің көп болары анық. Қызметкерлердің жоғары қызығушылығы, олардың біліктілігі, олардың әрі қарайда, біздің әр шаңыраққа жылу сыйлайтыңымызды сезіне отырып, қаламыздың игілігі үшін еңбек жасайтындарына еш күмән келтірмейді.