instagram  facebook

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС тұтынушылардың назарына хабарлайды, 2025 жылғы 27 қаңтардағы Қарағанды облысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің №12-ОД және №13-ОД бұйрықтарына сәйкес, "Инвестицияға айырбастау тарифі" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтер бойынша инвестициялық бағдарлама бекітілуіне, стратегиялық тауарлардың (электр энергиясы және нормативтік шығындар үшін жылу энергиясы) құнының өзгеруіне, сондай-ақ көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғаюына байланысты, 2025 жылға жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне қосылған құн салығын қоспағанда 1 Гкал үшін 4 947,34 теңге мөлшерінде тариф бекітілді, ол 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар, "Караганда Энергоцентр" ЖШС (2025 жылғы 27.01. №11-ОД) және "Теплотранзит Караганда" ЖШС (2025 жылғы 27.01. №13-ОД) бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларға өзгерістер енгізу туралы Қарағанды облысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрықтарына сәйкес, 2025 жылғы 27 қаңтардағы №14-ОД бұйрығымен "Теплотранзит Караганда" ЖШС 2025 жылға арналған жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтеріне сараланған тарифтер бекітіліп, 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді:
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифі қосылған құн салығын қоспағанда 1 Гкал үшін 9 460,48 теңге мөлшерінде, соның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін – бірінші топ – 1 Гкал үшін 5 493,56 теңге (ҚҚС-сыз);
бірінші және үшінші топтарға жатпайтын басқа тұтынушылар үшін – екінші топ – 1 Гкал үшін 16 141,64 теңге (ҚҚС-сыз);
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар үшін – үшінші топ – 1 Гкал үшін 33 643,89 теңге (ҚҚС-сыз).