Қарағанды облысының әкімі есеп беру кездесуін өткізді
Қарағанды облысының әкімі есеп беру кездесуін өткізді. 2019жылы 22ақпанда Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тұрғындары алдында есеп берді. Аймақ басшысы өткен жылғы есеп беру кездесуінде түскен өтініштердің орындалуы туралы баяндамадан бастап, 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі. Өз баяндамасында Ерлан Қошанов "Теплотранзит Караганда"ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстары туралы атап өтті.
Өткен жылы жылу магистралінің 4 учаскесі қайта жаңартылды, оның екеуі бойынша жұмыс 2019 жылы жалғасады, бұл апаттылықты төмендетіп, жылу беру сапасын жақсартты. Кездесу барысында аймақ тұрғындары облыс әкіміне сұрақтар қойып, оның ішінде "Теплотранзит Караганда"ЖШС қызметіне қатысты жауаптар алды. Өңір әкімдерінің бірқатар кездесулерін Ерлан Қошанов өз есеп беру кездесуімен аяқтады.