instagram  facebook

2021 жылға арналған жылу энергиясын беру және тарату тарифі

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 167-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын беру және тарату қызметтерінің 2021 жылға арналған тарифі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кездегі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 350,57 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды.

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерге жыл сайын жылытуаралық маусымда энергия беруші ұйым жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымы кезінде тұтынушыларды нормативті жылумен қамтамасыз етуге, жылу тасымалдағыштың қажетті параметрлерін сақтауға және ғимараттардағы мөлшерлі температура мен гидравликалық режимді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін өткізетіндігін хабарлаймыз. Дегенмен қысқы кезеңде «Теплотранзит Караганда» ЖШС энергия беруші компаниясына тұтынушылардан шағымдар түсіп жатады.
Сапалы жылумен қамтамасыз етудегі қажетті шарттарына алдағы жылыту маусымына дайындық жататынын атап өткен жөн. Яғни, белгіленген іс-шараларды 100% дайындық актісін алу арқылы өткізу (шаю, жылу жүйесін қысыммен тексеру және реттейтін жұмыстар; есептегіш дроссельдік құрылғыларды пломбалау,бекітуші-атқарушы арматураны тексеру және т.б).
Жыл сайын алдағы жылыту маусымына «Теплотранзит Караганда» ЖШС объектілерді өткізу және дайындығы жөнінде кесте әзірленіп, бекітіледі. Бұл кесте дайындық кезеңінде нысандарды біркелкі өткізу үшін жасалады және жылу шаруашылығы үшін жауап беретін әр тұлғаға жеткізіледі.
Алайда, бүгінгі таңда жосықсыз тұтынушылар бар, олар жыл сайын аталмыш жұмыстардың маңыздылығы мен мәнділігін ескермей, жүйелі түрде жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырмайды. Жауапты тұтынушылардың жылумен қамтамасыз етілуіне кері әсерін туғызып, сол арқылы жылу беру маусымы кезінде жағымсыз жағдаяттар орын алады.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 7-тармағының 34-тармақшасының Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бекіткен бұйрығына сәйкес «Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады».
Жоғарыда аталғандарға байланысты, «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында, жосықсыз тұтынушылардың жабдықтау желілеріне дроссельдік диафрагманы орнату арқылы жылу энергиясын шектеуге немесе оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінен көрінетін үзікпен ажыратуға мәжбүр.
Бұл нысандарды қосу 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына дайындық шаралары жүзеге асырылғаннан кейін 100% дайындық актісі болған жағдайда мүмкін болады.
Өтінім беру үшін келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласыңыздар:
Реттеу қызметі бөлімі: 56-51-05
Техникалық қадағалау бөлімі: 78-95-03

Хабарландыру

ТОО «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларға, жылу беру және тарату қызметтерінің ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 059,17 теңгені құрайтын уақытша өтемдік тарифі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатындығы туралы хабарлайды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу беру және тарату қызметтері үшін «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 097,14 теңгені құрайды (Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен келісілген 12.12.2018 жылғы №611 бұйрық, 2015 ж.). Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қарағанды облысы бойынша бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-5 / 4553).

Балаларды қорғау күнімен!

"Теплотранзит Караганда" ЖШС балаларды мерекемен құттықтады. Балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар аниматорлармен бірге көңіл көтеріп, ән айтты және түрлі сайыстарға қатысып, атқа мініп жүрді. Сондай-ақ, әрбір бала тәтті сыйлық алды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, "Теплотранзит Караганда" ЖШС баршаңызды мерекемен және жаздың басталуымен құттықтайды!

  • IMG_9908
  • IMG_9925
  • IMG_9941
  • IMG_9948
  • IMG_9952
  • IMG_9957
  • IMG_9959
  • IMG_9963

"Теплотранзит Караганда" ЖШС қызметкері Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады

"Теплотранзит Караганда" ЖШС қызметкері, Қарағанды облыстық "Рухани Жаңғыру" кеңсесінің бас менеджері "жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету"атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады. Іс-шара "Рухани Жаңғыру"екінші жылдығына арналды. "Теплотранзит Караганда" ЖШС қызметкері Бақытқали Мұсабеков конференцияға қатысушылардың алдында "қазақтың би шешендерінің мұрасы"тақырыбында баяндама жасады. Бақытқали Мұсабеков конференцияға Қарағанды облысынан қатысқан жалғыз өкіл болды.

Толығырақ...