instagram  facebook

Хабарландыру

“Теплотранзит Қарағанды” ЖШС хабарлайды, статистика мәліметтері бойынша аймақтағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының өзгеруіне және стратегиялық тауардың (электр энергиясы) құнының өзгеруіне байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 159-ОД бұйрығымен 2024 жылға жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4636,29 теңге көлемінде бекітіліп, 2024 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Караганда Энергоцентр" ЖШС (28.10.2024 жылғы№153-ОД) және "Теплотранзит Караганда" ЖШС (29.10.2024 жылғы№159-ОД) бекітілген тарифтер мен тарифтік сметаларға өзгерістер енгізу туралы бұйрықтары, Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің бұйрығы негізінде ҚР ҰЭМ Қарағанды облысы бойынша 29.10.2024 жылғы № 161-НҚ монополиялары 2024 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2024 жылға арналған "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер бекітілді:
ҚҚС есебінсіз, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша Гкал үшін 8795,86 теңге мөлшерінде жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф:
жеке тұлғалар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 4994,14 теңге;
басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 15007,66 теңге;
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 32182,51 теңге.

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, ҚҚС есептемегенде Гкал үшін 181,94 теңге мөлшерінде "Жылу энергетикасы туралы" ҚР Заңының қабылдануына және жылумен жабдықтау функциясының жылу беруші ұйымдарға берілуіне байланысты жеңілдетілген тәртіппен жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаның (өткізу үстемесінің) бекітілгені туралы хабарлайды. Тариф ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 11.09.2024 жылғы 107-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 16.09.2024 жылғы 110-НҚ бұйрығымен 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер бекітілді: оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша ҚҚС есептемегенде Гкал үшін 8386,55 теңге мөлшерінде жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тариф:

жеке тұлғалар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 4984,24 теңге;

басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 14977,90 теңге;

          бюджеттік ұйымдар үшін - ҚҚС-сыз Гкал үшін 28180,29 теңге.

Хабарландыру

Қарағанды қаласының жылу энергиясын тұтынушыларына (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер және т. б.) "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС 2024 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қарағанды қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметін тоқтатуына байланысты, Қарағанды қаласының тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі функцияларды 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап "Теплотранзит Караганда" ЖШС қабылдайтынын хабарлаймыз.
Бұл ретте, "Теплотранзит Караганда" ЖШС 2024-2025 ж. жаңа жылыту маусымынан бастап бұрыңғы қызмет көрсетушімен шарттары болған барлық тұтынушыларға жылу энергиясын беруге кепілдік береді. Қарағанды қаласының тұтынушыларымен шарттар жасасу тәртібі, мерзімдері туралы "Теплотранзит Караганда" ЖШС бұл туралы хабарламаны өз сайтында (teplotranzit.kz) тарату арқылы және де басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша хабарлайды.
"Теплотранзит Караганда" ЖШС Әкімшілігі

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтерге тарифтің өзгергені туралы хабарлайды. «Тарифті инвестицияларға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 107-НҚ бұйрығы негізінде ҚҚС есептемегенде Гкал үшін 4 433,59 теңгені құрайды.

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруіне байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 107-НҚ бұйрығымен жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтерге 2023 жылға арналған тариф бекітілгенін назарға жеткізеді 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіле отырып, ҚҚС есебінсіз 1 Гкал үшін 2 948,94 теңге мөлшерінде.

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

Қарағанды қаласының коммуналдық қызмет ұйымдары – «Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Қарағандыэнерго Саласы» ЖШС және «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС комплаенс-офицердің, техникалық мәселелер жөніндегі менеджерлердің қатысуымен «Коммуналдық шаруашылық қызметіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою» көшпелі акциясын өткізеді.
Акция 2023 жылғы 22 маусымда келесі алаңдарда өтеді:
- «Умай» СҮ (Карл Маркс көшесі, 9) сағ. 10.00 ден 13.00 дейін
- «Global City» СҮ (Учетный квартал 134) сағ. 14.00 ден 16.00 дейін.

Объявление

"Табиғи монополиялар туралы" Заңның 25-бабының 6-тармағына сәйкес "Теплотранзит Караганда" ЖШС (Қарағанды қ., Пригородная к-сі, 9/2) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп жүргізеді.

Есеп беру 2022 жылғы 29 шілдеде сағат 10:00-де, Қарағанды қаласы, "Қарағанды Су" ЖШС өткізу қызметінің ғимаратында (акт залы, 3 қабат) Пригородная көшесі 2в, мекенжайы бойынша өтеді.

Хабарландыру

Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!
2021-2022 жж "Қарағанды облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын" орындау үшін.
2022 жылдың 3 мамырынан бастап "Теплотранзит Караганда"ЖШС Пришахтинск, Сұрыптау, Майқұдық (11,11 а шағын аудандары) жылу желілерінде қысымды 16 кг/см2 дейін көтеру арқылы құбырлардың гидравликалық тығыздығы мен механикалық беріктігіне сынақ жүргізе бастайды,12,13,14,15,16,17). 2022 ж. 11 мамырдан бастап "Теплотранзит Караганда" ЖШС Қарағанды қ. аудандарының жылу желілерінде сынақ жүргізетін болады:Майқұдық (18,19 шағын аудандар, 11 Квартал, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачев көшелері, Магнитогорская, Чапаев к-сі бойынша магистралды желі, 1,2 Квартал, Восток-1,2,3,5, Карл Маркс к-сі, Голубые пруды), Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала.
Сынақтарды дайындау және өткізу кезінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Жылу тұтыну жүйелерінің бұзылуын болдырмау үшін барлық тұтынушылар шекараларды бөлу актілеріне сәйкес сынақтардың барлық кезеңіне бітеуіштерді орната отырып, беруші және кері құбыржолдар бойынша өздерінің жылу желілерін, жылу пункттерін, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін сенімді ажыратуы қажет.
Сондай-ақ, сынақ кезінде жазатайым оқиғаларды және жеке мүліктің бүлінуін болдырмау үшін: азаматтардың және олардың көлік құралдарының жылу желілерінің құбырларының жанында болуына тыйым салынады.
Сынақтың аяқталу күні БАҚ-та және "Теплотранзит Караганда" ЖШС сайтында хабарланатын болады (www.teplotranzit.kz, instagram, facebook. Жылу желілерінде сынақтар өткізілгеннен кейін магистральдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту жүргізіледі. Ыстық сумен жабдықтауды қайта бастау күні туралы қосымша хабарланатын болады.
"Теплотранзит Караганда"ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін барлық тұтынушылардан кешірім сұрайды.

Хабарландыру

"Теплотранзит Караганда" ЖШС (Қарағанды қ., Пригородная к-сі, 9/2) 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 10:00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылы жылу энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жыл сайынғы есеп өтетінін хабарлайды. Конференция идентификаторы: 713 5186 2740, кіру коды: 15042022.

«Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларының назарына!

Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты тұтынушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға 2020 жылы бекітілген тарифтік смета мен жылуды беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп жоспарланған 2021 жылдың 20 сәуірінде сағат 10.00-де ZOOM қосымшасы арқылы ONLINE өткізіледі:
Конференция идентификаторы: 783 1333 5954, кіру коды: 20042021.

2021 жылға арналған жылу энергиясын беру және тарату тарифі

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 167-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын беру және тарату қызметтерінің 2021 жылға арналған тарифі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кездегі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 2 350,57 теңге мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды.

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерге жыл сайын жылытуаралық маусымда энергия беруші ұйым жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымы кезінде тұтынушыларды нормативті жылумен қамтамасыз етуге, жылу тасымалдағыштың қажетті параметрлерін сақтауға және ғимараттардағы мөлшерлі температура мен гидравликалық режимді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін өткізетіндігін хабарлаймыз. Дегенмен қысқы кезеңде «Теплотранзит Караганда» ЖШС энергия беруші компаниясына тұтынушылардан шағымдар түсіп жатады.
Сапалы жылумен қамтамасыз етудегі қажетті шарттарына алдағы жылыту маусымына дайындық жататынын атап өткен жөн. Яғни, белгіленген іс-шараларды 100% дайындық актісін алу арқылы өткізу (шаю, жылу жүйесін қысыммен тексеру және реттейтін жұмыстар; есептегіш дроссельдік құрылғыларды пломбалау,бекітуші-атқарушы арматураны тексеру және т.б).
Жыл сайын алдағы жылыту маусымына «Теплотранзит Караганда» ЖШС объектілерді өткізу және дайындығы жөнінде кесте әзірленіп, бекітіледі. Бұл кесте дайындық кезеңінде нысандарды біркелкі өткізу үшін жасалады және жылу шаруашылығы үшін жауап беретін әр тұлғаға жеткізіледі.
Алайда, бүгінгі таңда жосықсыз тұтынушылар бар, олар жыл сайын аталмыш жұмыстардың маңыздылығы мен мәнділігін ескермей, жүйелі түрде жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырмайды. Жауапты тұтынушылардың жылумен қамтамасыз етілуіне кері әсерін туғызып, сол арқылы жылу беру маусымы кезінде жағымсыз жағдаяттар орын алады.
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 7-тармағының 34-тармақшасының Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бекіткен бұйрығына сәйкес «Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады».
Жоғарыда аталғандарға байланысты, «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында, жосықсыз тұтынушылардың жабдықтау желілеріне дроссельдік диафрагманы орнату арқылы жылу энергиясын шектеуге немесе оларды орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінен көрінетін үзікпен ажыратуға мәжбүр.
Бұл нысандарды қосу 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымына дайындық шаралары жүзеге асырылғаннан кейін 100% дайындық актісі болған жағдайда мүмкін болады.
Өтінім беру үшін келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласыңыздар:
Реттеу қызметі бөлімі: 56-51-05
Техникалық қадағалау бөлімі: 78-95-03